Сыр

Бұл бетте «Сыр» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1504
Еш кесірлік көрмесімді біліп ем
жаһан толы жақсылардың бірінен.
Мені шалса — лас аяқ шалып жүр,
мен сүрінсем — жамандарға сүрінем.
Тартысуға уақытым аз, аз әлім,
жырды бірақ қуатты ғып жазамын...
Жамандықты жасайды екен жамандар,
жақсылар тек тартады екен азабын.
Жаман ойға үйреткен жоқ мені ешкім,
сыртын көріп — сұлу жақсы деп өстім.
Жақсы сөзді жаман қалай айтады? —
ақ осыны түсіне алар емеспін.
Ашық сөйлер қайрат берген маған да
Ар, жағдайым жоқ жағып-бұғып амалдар.
Туып біткен жоқ қой өлі жақсылар?!
Құрып біткен жоқ қой әлі жамандар?!
Жамандық та ауру шығар, мен емін
таба алмадым.
Әлі адасып келемін.
Мен ешкіммен күреспедім,
күрессе
менің үшін күреседі Өлеңім!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сыр өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Сыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері