Бұл бетте «"Ақөзекте" айлы кеш» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
"Ақөзектің" пәк жүзін жымыңдатып,
бұлт-бұлт етіп барады құлын батып.
Құлын батып барады. Жас сұлудың
жауырынына кетіпті бұрым батып.
"Мына қазды қанатпай, шіркін атып
алсам-ау" деп, жүрегі бүлкіл атып
жігіт отыр, келіншек шай құяды
сүт орнына сып-сылдыр күлкі қатып.
Бұлт ойнайды аспанда түртіп Айды,
Ай астында боз бие шұрқырайды.
Құлын батып барады, ана-бие
шұрқырайды шақырып "бір құдайды".
Әзір ас жоқ, жас жігіт бір "тік қасық"
жаутаңдайды көз-ғашық кірпік басып.
Құлын мүше келіншек — шабақ болып
қармағымен ойнайды түртіп қашып.
Енді бір сәт... қарашы, құдіретті:
енесіне аман-сау құлын өтті.
Ит шәу етті, келіншек тұрды атылып,
жас қонақтың жүрегі шымыр өтті...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі