Асханада – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Асханада» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1150
Қартаң әйел қасы иілген тағадай
қимылыңды, бет-жүзіңді бағады-ай.
Есеп шоттың тасы жылпың, тіл жұмсақ —
жарылқап тұр, жарылқап тұр жағалай.
Біреулерге күліп қонды қас қағып,
бәзбіреуге мұңын шаға бастады.
Біреуге — май, біреуге — ет, ал, маған
жауырынның шеміршегін тастады.
Шеміршекті былай қойсам — тоқтығым,
тағам да көп,
аспаздар да көп бүгін.
Таң қалдырды мені бірақ,— сол әйел
қайдан білді дау-шарымның жоқтығын?!
Ұсақ жай ғой.
Мұны өлең демес те ек:
біздің тірлік асханада емес тек.
...Кей сыншының қисайғанда "шөміші"
сол бір әйел тұрады ылғи елестеп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Асханада өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Асханада өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Асханада өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Асханада өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері