Дүкенде – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Дүкенде» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1029
Түсінбейсің көп адамға,
көпте — ерік,
көп деген көл — тұзың көлге кетті еріп.
Қайбір пиғыл қиын бірақ;
дүкеннен
шықты біреу бір тай шытты бөктеріп.
Жаңсақ сөздер өртейді екен өзекті,
бір күн өстіп өртенумен тез өтті.
Соқты біреу шырпы қымбаттайды деп,
бір келіншек шұлық жайын сөз етті.
Тамақ тоқта, таң қаласың, қайғы көп,
қызды уайым не болса — сол жайлы үдеп.
Көп көзінше дүңк еткіздім мен кенет
"жаңа жылда өсек қымбаттайды", — деп.
Кейде адамның келеді екен күлкісі, —
кетті өзгеріп сонда жұрттың түр-түсі.
Біреу күлді: "рас, кітап қымбат", — деп,
"болар, болар!" — деп күрсінді бір кісі.
Дүкеншілер жоқ қаулы мен бар заңды ап
лақап етті ұят қосып, ар жалғап:
Қымбаттаса — қымбаттасын шыт-шыпыр,
тек, адамдар, біз қалмайық арзандап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дүкенде өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Дүкенде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дүкенде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дүкенде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері