Өмір
Бұл бетте «Өмір» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өмір туралы өлең берілген.
Бір күйді бастайыншы, күй артығы
өзен боп бір теңізге құяр түбі...
қайтсем де бүгін Мекке барамын деп
желіден өреді екен түйе әр күні.
Теріп қырқып сол түйе өр бұтаны
жантақ, сораң, қаңбақты қарбытады.
Түске жақын күрсініп күлге шөкті...
ұлы сапар басталмай қалды тағы.
Әркім де тілек қылып жүр күресіп,
жатыр үміт бірде өшіп, бір күні өсіп.
Таңғы көңіл — ашқарақ,
түсте тойып,
ертесіне тағы да тірлік осы.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі