Қорық

Бұл бетте «Қорық» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1119
Сүйіп ем мен;
елде болған екі айда
ол да сүйген секілді еді, —
не пайда
қара кемпір қуды бір күн:
— кет, әйда.—
Осыны да қыз бағу деп атай ма?
Ит байлайды — "жанды құлып" қояды.
есігіне даңғыра іліп қояды:
ей, тіршілік, кемпіршілік баяғы!
Қыз қалды өстіп.
Қызығы алды еңбектің.
(Енді бәрін еңбегіммен жеңбекпін).
Онсыз-дағы күзеті мол есікті
бірер жұма күзеттім де мен кеттім.
Кемпір қызын ат ізінен қызғанды...
тағдыр, бәлкім, маңдайына сызған-ды:
қызғаншақ жан дүниеден озды ақыр,
бірақ ешкім жоламады қызға әлгі.
Жұрт шошыпты,
ақырында не шықты:
аула айнала адыраспан өсіпті.
Сол ғашыққа соғып едім жақында —
кетік тісті кемпір ашты есікті.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қорық өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Қорық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қорық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қорық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері