Шарап кесесі – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Шарап кесесі» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 910
Бір шындықты көргенде күйіп кетіп,
ернеуінен кесенің сүйіп кетік —
айналаға қарады ол,
сол бір кесе
жас жігітті жіберді биіктетіп.
Бүйтіп биік болғаным құрсын дедім,
құрсын дедім;
қалды тек құр сүлдерім.
Ойға — шындық,
сөзіме нұр сіңгелі
жаһаннамға естілді күрсінгенім.
Шарап жұту болса егер өнер мықты,
кесе жасар еді ғой көп ерлікті!
...Шарап бітті ішіліп, өлең бітті,
көңіл, сен де қойсаңшы көбеңдікті?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері