Бұл бетте «Бір сәт» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жұлдыздары жымың-жымың күліп түн
жібек нұрын шашып тұрды үміттің.
Қашан еді, қай түп еді? —
Ұмыттым.
Зеңгір көктен қарағанда жылып күн
біреу — маған, мен біреуге күліппін.
Шын күлкі ме, кекесін бе еді? —
Ұмыттым.
Ей, ағайын, қартай, қайғыр, үміт қыл,
үміт — тәтті, жұта-жұта құнықтым.
Құнықтым ба, ашықтым ба?
ұмыттым.
Әйтеуір бар тірі жүрек менде осы,
үміт, тілек биігірек менде осы —
ештеңені ұмытпаппын ендеше.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі