Бұл бетте «Шаншу» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
26.09.2021
0
0
1301
Ат мініп өскен аулақта,
даланың ұлы ем деп мен де
қараймын енді тау жаққа,
жүрегім шаншып кеткенде.
Аз көрдім деуге бола ма,
астаналықпын деп мен де
қараймын тұнып далаға,
өкпем бір қысып кеткенде.
Ел қойды мені кісі ғып,
парызым өтер қанша әлі:
содан өкпем қысылып,
жүрегім содан шаншыды.
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі