Өлең, жыр, ақындар

Үзінді

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 27.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1976
Бұлақ ақса не тулап, не тебініп,
жаңғырығып ойсыз сай кетеді ұлып.
Батон-белдер сарғайып күн астында
ашып, пісіп келеді көтеріліп.
Алатауды төрге алдық бір тұлға ғып —
қарт сыйлаудың сыры осы қылпың қағып.
Ашып-ашып жіберіп бұлтты аңғардан
көл сімірді Бульба-шың мұртын малып.
Жасыл теңіз — дастархан, қара мына:
бауырсақ боп шоршиды алабұға...
Жер жетеді:
тұр, жүгір, жатып ауна,
қыран көзі де жетпес бақылауға.
Мен керілсем — бір қолым Алатауға
тіреледі,
бір қолым — Атырауға.
Іле, Ертіс, Сыр жатыр аңқып ағып,
ақын аңқып жыр құйды — талқыладық.
Арман, Ардақ деп атап ұл-қызын ел,
"Ақ желең" ғып күй шерттік, "Шалқыма" ғып.
Дала жұрты мәрттікті ерте ұғыпты,
содан шығар, жігіттің серті мықты,
"алласынан" ары үстем;
арыстаны
мертіксе — Айға шауып мертігіпті.
Бір мақтанып таппасам көңіл емін,
мақтануға батпасам — жеңілемін.
Менің далам, дей берем, менің елім —
бұдан өңге осы мен не білемін?!
Дала маған сәби боп қал деп еді,
мен есейдім ой етіп әлденені,
мініп кетті қоңыр ат ымырт-қария,
ақ боз ат жегіп, балаң-таң келеді.
Соқты көңіл: мініп ап от-күреңін
Қос бүйірін мезгілдің тепкіледім.
Кентауда маңдайымнан шыққан терді
Қарағанды желіне кептіремін...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үзінді өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Үзінді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Үзінді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үзінді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері