Кәрілік

Бұл бетте «Кәрілік» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.09.2021
  • 0
  • 0
  • 849
Күрсінді ата —
кәріліктің қайғысы
шығар дедім, күрсіне ме жай кісі?
— Жоқ, — деді ол,— ішті жалап барады
бір жүйріктің алынбаған бәйгісі.
Күрсінді ата —
түртеді екен не түлен,
бұлар, — дедім,— қайғырғыш-ау шетінен.
— Жоқ, — деді ол,— бұдан елу жыл бұрын
бір досыма жалған айтып кетіп ем.
Күрсінді ата —
түртеді екен не түлен,
бұлар,— дедім,— еріккен-ау шетінен.
— Жоқ, — деді ол,— сұрағанда қиылып
бір жеңгеме белбеу бермей кетіп ем.
Күрсінді ата —
қасіреті бойдақтың
шығар, — дедім, — уақыт бар: ойнап, күл.
— Жоқ, — деді қарт, — баяғыдан бос жүріп
шөбереме құда түсіп қоймаппын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кәрілік өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Кәрілік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кәрілік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кәрілік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері