Өмір көшесі

Бұл бетте «Өмір көшесі» атты Алтынай Алиева жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Көшесімен өмірдің жүріп келем,
Ыстығына шарпылған "күйік" денем.
Желдерінен жаураған жүрегіме,
Жақсылықты жылытып жиып келем.

Үндемедім ренжітіп сөйлегенге,
Өкпелеттім өзгені кейде мен де.
Күндерім бар желменен жарысатын,
Кездер болды көнбеген сүйрегенге.

Түзуі мен соқпағын айырмадым,
Қанатымды дауылға қайырмадым.
Жолдарында өмірдің көп сүрінсең,
Қатаюға жақсы деп пайымдадым.

Көшесінде өмірдің күліп келем,
Бірде баяу, бірде тез жүріп келем.
Жәй жүрсем де құладым, жүгірсем де,
Бұрылыстар бөгерін біліп келем...

#Жүректегіжазбалар А.Алиева


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмір көшесі өлеңінің авторы кім?

Алтынай Алиева — осы өлеңнің авторы.

Өмір көшесі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмір көшесі өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өмір көшесі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері