Өкпе-назда жұмысың не?

Бұл бетте «Өкпе-назда жұмысың не?» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.03.2022
  • 0
  • 0
  • 642
Ей, Хама, жұмысың не өкпе-назда?!
Өкпенің артта қалған еткелі аз ба?!
Ол бip кез деген саған жану үшін
Жарықтан тас түнекке өт те, мазда!
Жоқ,шүкip, әлсіз күнін сағынбайтын
Тамыздың тамылжыған бағындайсың.
Жұрт ceнi азырқанбай ара десе
Қалайша қайратына бағынбайсың?!
Көңілің кешіктім деп жасымасын,
Онсыз да аз өмірде асығасың.
Арадай шеттен шырын тасығасын
Байқамай жүрсің icтің басы-қасын.
Ей, Хама, қанша көктем, күз ақтадың,
Қызықтар — қыздан сұлу, ұзат бәрін...
Халықтың саған берген аты-жөнін
Қуып та жете алмай жүр құжаттарың.
Айызы келе жатқан әлі қанбай
Өкпе-наз сендік емес налығандай.
Ойлап бақ, мына күннің енді қалған
Тұзы мен тұшынып жер наны қандай?!

Қаңтар, 1997 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өкпе-назда жұмысың не? өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Өкпе-назда жұмысың не? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өкпе-назда жұмысың не? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өкпе-назда жұмысың не? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері