Таулар мен төбелер
Бұл бетте «Таулар мен төбелер» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Таулар тұр асқақ,
Осынау дала, мына алап
Тұрғанда аман талай тауларды туар-ақ.
О, титтей менің төбешіктерім, не керек,
асқарлар бізді менсінбейді деп кінәлап?!
Шыңдар тұр асқақ.
Логика, бүтін ес үшін:
аспанда тұрып асқақтамаса несі шың!
Ақ бұлттан әрі асырып тұрып еңсені,
ойлашы, не үшін менсіну керек ол сені?!
Асқақта, шыңдар,
алыстан да аттап ас әрі,
тастың да қалам өскенін көрсем жасарып.
Асқақтап мен де мақтанам кейде жатып кеп,
ақ шыңдар, саған сиынудың өзін бақыт деп.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі