Аңсау – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Аңсау» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2738
Сағыныш жүрекке мөр басыпты мың,
Келемін талай қырдан асып бүгін.
Кеудемнен қиял құсы сен деп ұшса,
Білінбей кетеді екен қашықтығың.
Дей алман: «Өзің келіп бас ұр маған»,
Мен қайта сені іздеймін асыл далам.
Туғаннан көз алдымда көлбесең де,
Құмарым бір сәтке де басылмаған.
Қолыма бұрын-соңды ілікпеген,
Гүлімен қарсы алып тұр, күліп белең.
Бұл жасым жерортаға таяғанда,
Енді-енді қадіріңді біліп келем!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аңсау өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Аңсау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аңсау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аңсау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері