Қызыл әскер өлеңі – Ілияс Жансүгіров

Бұл бетте «Қызыл әскер өлеңі» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.03.2018
  • 0
  • 1
  • 10621
(Орыстың «Проводы» әнімен)

Мылтығымыз оқтаулы
Ел қорғауға.
Қайратымыз сақтаулы
Келген жауға
Жігер білек, жаужүрек
Қызыл қыран,
Үйрен, оқы жас түлек,
Ойна, жайна.
Еңбекшілер қорғаны,
Қызыл әскер.
Еңбекші елдің қорғаны
Біздер, жacтap
Қылышымыз қайраулы
Жиһангерге,
Жиһангердің жендеті
Чемберленге.
Елімізді салуға
Сергелдеңге,
Тап бергенге біз дайын
Кел берменге.
Еңбекші елдің қорғаны
Біздер, жастар.
Еңбекші елдің қорғаны
Қызыл әскер.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Осы автордың басқа өлеңдері