Арман

Бұл бетте «Арман» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 1
  • 6286
Өміріңнің шығатұғын төрі қып,
Жүру керек бір мақсатқа беріліп.
Арман шіркін жетелейді адамды,
Бірдежақын,бірде алыстап көрініп.
Ұзақ па әлде, бұл өмірің қысқа ма?
Алға қарай ұмтыласың күш сала.
Кейде өзіңе риза болып жүресің,
Тындырғандай бір керемет іс дара.
Ал кей кезде баспай алға адымың,
Көмескі боп кетер көрген жарығың.
Өмір зая өтіп жатқан секілді,
Өкінішпен шығар іштен зар үнің.
Нағыз ердің арқасында ел жүгі,
Мұның өзі барша жүртқа белгілі.
Қуанғанын көріп қайран халқымның
Жүрсем екен ғұмырымда ендігі!


Пікірлер (1)

Илесбай Диана.

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арман өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Арман өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арман өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арман өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері