Бұл бетте «Арман» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
— Бұлбұл құстың әні қандай әдемі,
Шіркін, өзін тыңдар ма еді және бір.
— Кеше бірақ шықпады үні қарлығып,
ангинаның әлегі ғой барлығы.
— Рас, биыл ангина көп болып тұр,
О, зауалыңа жолыққыр!
— Ән салар ем, тамағымның жарасы
жұтындырмай отырғанын қарашы!
Бұлбұлды өстіп "түсінген" боп бәр-бәрі
Әтеш, қарға, шымшық та сөз арнады...
Көрдіңіз бе, Әтеш, Шымшық, Қарғаның
ангинамен ауыру да — арманы.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі