Өлең, жыр, ақындар

Хабар, хабаршы

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 27.09.2021
  • 0
  • 0
  • 935
Таң алдында бір қызыл ту қанатты:
— Таң атты, — деп хабарлады.
— Таң атты!
Көкжиектің көгіс-сұрқай еріні
Шоқ-Қызыл гүл тістегендей, қанап тұр.
— Таң атты! — деп хабарлады ұлы адам,
Күн шығыстан күрең сәуле құлады, ал!
Бір ұлы ту көлбегенде күп-күрең
тастың өзі күреңітті — бітті рең.
Ат дүбірі тоқтады үйдің сыртына,
— Жау шапты,— деп жаңғырықты қыр-қырат.
Ақ жалынның алтын жалын қырқып ап,
Шостакович күй шығарды бұрқырап.
— Жауды жеңдік! — шауып келді салт атты,
Көкке атты жұрт бөрік, тұмақ, қалпақты.
— Жауды жеңдік! — Жетті хабар-хат аппақ,
Жел тұрды бір ақшамғы апақ-сапақта:
Миллион кептер бір сәтте ұшқанға ұқсады,
Миллион жапырақ бір сәт қолын шапақтап.
— Хабар! — деді кеше маған бір сыпсың,—
Жігіт еді қысыр ойлы, қырсықшыл,
Қайдан болсын о секілді сорлыда әл:
Түгеншеев түсед дейді орнынан,
түссе, — деді, жарылқасын алдынан! —
Елең еткен болмады, әттең, жан бұған.
Ақсаң қақты хабаршының тісі аппақ,
ақ тісі де кеткен екен ұсақтап,
Қызыл тілін кесейік, бір пышақ тап!
Қанша құйты,
Қаншама ұсақ десек те
бір хабарды бұл да айтты деп есепте.
Сенің дағы солқып бітті-ау қос өкпең,
Соқыр-болжам,
сорлы пиғыл-өсектер!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Хабар, хабаршы өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Хабар, хабаршы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Хабар, хабаршы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Хабар, хабаршы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері