Мизам

Бұл бетте «Мизам» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1208
Күні кеше көктем еді, япыр-ау,
ұзақ күндер өтпеп еді, япыр-ау.
Мұнша жылдам жапырақ қалай сарғайды,
Соған түскен секілді —
айтуға ауыз бармайды —
дүниедегі барлық азап, бар қайғы.
Кеше ғана жасыл талдар
бір індет
ұрған сынды дірілдеп тұр, дірілдеп.
Мезгіл, сенің қызметшің көп, құлың көп,
бірақ бәрін жеке-дара көтерер
белі бүтін бірің жоқ.
Жапырақтың жыртық-жыртық
көлеңкесі қабырғада, жарда ойнап,
күні кеше көкшіл судың бетіне
тұрып қапты сары тосап, сары қаймақ.
Сары кемпір салқында да сыра ішкіш
алақандай ауламызға айғайлап.
сары баласын қарғайды-ақ
Кешегіден не белгі бар — бәрі ғайып:
сатып алған кітаптың да көктемде
парақтары кепкен сын-ды сарғайып.
Кешегіден не белгі бар — бәрі ұмыт:
Сарғайыпты күннің аппақ жарығы.
Сары шаң ұйтқып сары желмен аралас,
Сасық текедей мекіренетін тәрізді
құла-шабдар сары бұлт.
Айналсаң-ақ сөл шаруаға, тұрмысқа,
Шолтаң етіп шығады өтіп күн қысқа.
Мезгіл — мырза деседі,
Рас мырза ма —
Мырза болсаң — қысқа ғұмырды ырзала.
Сары ағаш, сен бақыттысың:
Ертең қайта көктейсің,
Мен сарғайсам, сарғаям-ау біржола.
Бір бүйірімнен жел еседі, жел есе —
ызғар сездім, Шаншу ұрды немесе...
Шаңыт-бұлттай сары тайлақ жүнінен
Күрте тоқып берсең еді, жеңеше.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мизам өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Мизам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мизам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мизам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері