Әлі алдан – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Әлі алдан» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2533
Әлі алдан үміт етіп келем мен,
Ассамдағы талай қырқа, белеңнен.
Сыйластар да сырт айналар бір кезде,
Айырмасын деп тілеймін өлеңнен.
Күндіз-түні қағаз-қалам алдымда,
Жанды баурар бір тылсым бар мұнда.
Шаршағанда аунап-қунап қайтамын,
Өзім өскен өңірдегі шалғынға.
Қоңыраумын шығаратын қоңыр үн,
Сергектіктен жаңылмайды көңілім.
Той іздемей, ой іздеумен өрелі,
Өтіп келе жатыр менің өмірім.
Қанағат қып бар нәрсеге қолдағы
Жүрген жанмын, көпке мәлім ол жағы.
Ұрпақтарым, менен байлық күтпеңдер,
Жұрт оқитын жыр қалдырсам болғаны!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әлі алдан өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Әлі алдан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әлі алдан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әлі алдан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері