Кінәлай көрме
Бұл бетте «Кінәлай көрме» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Күлімдеп тұрып күндерді қарсы аламын,
Сезбеген болам тағдырдың салқын қабағын.
Арнасы терең, ағыны қатты өзендей,
Ағады тулап, барады зулап заманым.
Жұта алмай еркін даламның жұпар самалын,
Арманның құсын кеудеме қанша қамадым.
Туған ел үшін тамыздық етіп жанымды,
Өшкенше атым, үміттің отын жағамын.
Өрнегі жұмбақ өмірге қайран қаламын,
Шешуін таппай өтермін мен де, қарағым.
Кінәлай көрме, қайтадан жалғай алмасам,
Ғайыптан бір күн үзілген гүлдің сабағын...
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі