Бұл бетте «Жауласпа» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жауласпа жалғыз ауыз сөзге бола,
Жараспас тарақ ұстап таз балаға.
Құйрығың бір-ақ тұтам шолтаңдаған,
Күпсініп көрінгенмен көзге ғана.
Көңілің көртышқандай жер кемірген,
Жүйрікті көре алмайсың желге мінген.
Қызыл шоқ – қызғаныштан өртенесің,
Көз сатып гауһар тасқа елде жүрген.
Қайтесің өзіңдегі жоққа жылап,
Сасыған қара доңыз боққа құлап.
Сорлының санасына сөз қонар ма,
Әу баста жаралған соң ақпақұлақ?
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі