Қызым ауырғанда
Бұл бетте «Қызым ауырғанда» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(Хорланға)
Қорғаның боп тұрайын қарауылда,
Мен құлайын, құлыным, сен ауырма.
Сен ауырсаң төбемде күн тұтылып,
Қозғалады қара жер табанымда.
Шылбырыңды ерте үзіп жетегімнен,
Құлынымау, қиянда жеке жүрген.
Саған жеңіл болғанмен маған ауыр,
Дірілдейді жүрегім жөтеліңнен.
Ауырмашы, аяулы, алтын балам,
Қабағыңды көрсетші жарқылдаған.
Өмір деген алапат көк толқында,
Кіп-кішкентай қайығым қалтылдаған.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі