Петефи

Бұл бетте «Петефи» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.10.2021
  • 0
  • 0
  • 841
Қайда, дедім, Петефидің моласы —
Мадьяр дос таңданғаннан үқпай түк,
жыпық қаққан жанарымен бітті
айтып тарихтың бетінде жоқ бір сырды;
сонсоң маған аяй қарап күрсінді.
Тілім тістеп қалдым мен де,
ондайды
сүрақ етіп қойған кісі оңбайды.
шын ақында мола деген болмайды.
Болмайды, деп жуып-шайдым, жырда өлім,
Бүлақ сүтін ақтарғанда тау-ана
жерленді ақын таудан аққан ауаға.
Самал желге жерленді ақын дем берген,
ең бір мықты шумағына жерленді ол.
Ашқаны үшін Шындық атты көмбені
аспан өзі күн шуақпен көмді оны.
Бұл өлімге Ел, сондықтан да, сенбеді.
Мына жасыл, жапырақтар жап-жасыл
жасап түр ғой сол өмірдің жалғасын,
суық жерге тигізбей жыр жамбасын
халық, өзі аңызға орап алғасын;
ақындарда мола содан болмайды.
Мола деген немене өзі?
жай ұғым,
ет, сүйекке жасалған жай қайырым.
Тірі көзден жасыру ғой тек қана
табиғаттың «өлім» атты айыбын.
Күй — көңілден,
гүл — еріннен туады,
палуанды Ел білегімен туады,
батырын Ел тілегімен туады,
ал, ақынды — жүрегімен туады.
Шын ақында мола содан болмайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Петефи өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Петефи өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Петефи өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Петефи өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері