Кетбұға

Бұл бетте «Кетбұға» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 3066
(шамамен 1150-1230 жылдар)

Шыңғыс ханмен замандас Түріктің ұлы абыздарының бірі. Шыңғыс ханның көмекшісі деп те айтылады.

«Айналайын Ақ Жайық,
Ат салмай өтер күн қайда?
Кетбұғадай билерден
Кеңес сұрар күн қайда?»
Доспанбет жырау осылай
Бүгін тағы жырлай ма,
Айналған ғұмыр ұршықтай
Бір орнында тұрмайды, ә.
Ғасырлар қалған бұлдырап,
Қаратау қолын бұлғай ма,
Әнімді айттым көкке де,
Жырымды айттым ырғайға,
Кетбұға Абыз қайда деп,
Сырымды айттым сырнайға.
Жердің жүзін билеген,
Шыңғысқа пенде жақпаған,
Қаратауға келгенде
Кетбұғаға тоқтаған.
Кетбұғадай дананың
Сөздерін де жаттаған,
Тілегін де ақтаған,
Содан кейін болыпты
Тұғыр да аман, тақ та аман.
Құлан ауып белдерден
Аң аулаған Жошыхан,
Киеліге жолығып
Ұлы дала шошыған,
Өлігінен құланның,
Тау менен тас сасыған.
Сырттанға бірде жолықты
Жошы ханың тасыған,
Ажал келіп кенеттен
Өмір өтті басынан,
Шыңғыс ханға айтуға,
Кімнің дәті барады
Тәуекел деп осыған.
Қазасына Жошының,
Ұлы дала шыдай ма,
Баһадүрдің өлгені
Шыңғысханға ұнай ма?
Кім естіртер оны енді,
Тәуекел деп құдайға,
Толғаныпты Кетбұға
Батып күні, түні ойға...
«Теңіз бастан былғанды,
Кім тындырар а, ханым,
Терек түптен жығылды,
Кім тұрғызар, а, ханым!»
Деп бастаған Кетбұға,
Домбырамен мақамын,
Азалы күй тартыпты,
Желбіретіп сақалын.
Домбырадан күй борап,
Шайқапты хан отанын,
Көк жүзінде құс ұшпай,
Аң таптапты жатағын.
Жошыханның өлімін,
Естіртіпті күйменен,
Күйдің зарлы дауысы
Ен даланы илеген,
Шыңғыс ханның жүрегін
Осындай оқ түйреген...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кетбұға өлеңінің авторы кім?

Әбілда Аймақ — осы өлеңнің авторы.

Кетбұға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кетбұға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбілда Аймақ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кетбұға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері