Жерошақ

Бұл бетте «Жерошақ» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 4010
Түнгі аспан моншақ тақты бұлты ашылып
келеміз сайларды асып, қырқа шығып.
Жырақта жерошақтан лаулаған от
жылылық құндағы боп тұр шақырып.
Сіміріп тыныштығын өскен кешім,
жаныма Күн қызуын төккен бесін,
таңғы сәт бота боздар – енді бүгін
бәрі ыстық талай өрді өткергесін.
Жерошақ! Жанымда осы өшкен бе есім,
жалғанда жылуыңа жоқ теңдесің.
Есімде: әжем менің бата берсе,
дейтұғын: «Ошағыңнан от сөнбесін!»
Қыр елі адалдыққа нық сенетін,
сақтайтын кілттемей-ақ құрт пен етін.
Есімде – анам көмген жерошақтан
ертемен от алуға жұрт келетін.
Мезгілің озған сайын жыл ескіріп,
әр үні бал шағымның жүр естіліп:
анашым Прометей боп көрінетін
ошақтан жатқанда отты үлестіріп.
Ойласам, сең кешіппін, жел асаппын,
бұл кеште көңіл мұңын неге шақтым?
Қызуы бар әлемнің жетпейтіндей
маздаған жылуына жерошақтың.
1981


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жерошақ өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Жерошақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жерошақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жерошақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері