Тамшалы

Бұл бетте «Тамшалы» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1096
Не деген ғажап көрік тұрған мынау!? Салғандай шөл далаға жылдар бұғау малшынып қара терге, қара жартас, даралап тұрғандайсың тұлғаңды дәу.
Көп екен, дала, сенде көрмегенім, түсімдей кейде менің өң дегенім. Көңілімнен көп жайыңды тасалапты күндегі бос айқай мен көлденең үн.
Жапан түз су көрмеген ғұмырда түк, айта алмай дала жатыр сырын батып. Мың тамшы, миллион тамшы моншақтайды жартастың шандыр төсін шымырлатып.
Бұл не жас өніп жатқан көн даладан, салған ба әлде әдейі қолдан адам? Болмаса ғұмыр бойғы ашынудан даланың ызасы ма сорғалаған?
Бүл өлке өзен емес, құдыққа бай, тұр нарпоз, жоңышқаға тұнып маңай. Сезбейсің сиқыр сәнін сұлулықтың жанына жанарыңмен жуықтамай.
Айнала - сұр кеңістік, жансыз әрі, жердің де таусылғандай бар шыдамы. Шындықтай суға зәру өлкеде тек нәр берер «Тамшалының» тамшылары.
1981


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тамшалы өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Тамшалы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тамшалы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тамшалы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері