Төбемде бұлттар жарысты – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Төбемде бұлттар жарысты» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2766
Төбемде бұлттар жарысты,
Төменде оттар жанады.
Онан ұшқан әр ұшқын
Көкірегіме қонады.

Бұлақ-мезгіл сырғыса,
Мен тамырға тараймын.
Сынып түссе бір бұта,
Қабырғама қараймын.

Уа, туған жер шүкірсің!
Топырағыңа киелі
Бір есуас түкірсе,
Ол – бетіме тиеді...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері