Сәулелі іңір – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Сәулелі іңір» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1247
Қырдағы қара бұйра іңір қандай!
Жұтасың тыныштығын дымың қанбай.
Бұйыққан ауа жетпей қайран кеуде,
кәусарын қыр кешінің сімір балдай!
Ой сергіп, қалжыраған ми жаңарып,
сол кештен бойың қуат жинары анық.
Жатады ақ шағылдар көк теңіздің
шуда жал толқынындай бұйраланып.
Қыр кеші, пәктігіңнің жолын бер де,
жетімдей жабырқаған көңілді емде.
Сарғалдақ сағынышым,
көктеменің
алғашқы жаңбырындай, төгіл жерге!
Жібітсін таңдайын сәл сусыз елім
(мен де бір жыңғылыңның бүршігі едім).
Ақ шағыл, өмірдің шаң жолдарында
кірлеген көңілімді жушы менің!
Ұяңнан ерте-ақ ұшқан емес пе едім, алдыңда өмірімді неге екшедім? Келемін ұстай алмай есім кетіп
сонау бір пәк күнімнің елестерін.
Не деген жүйрік еді ғүмыр-сағым, дәл кеше, кеше еді ғой шырын шағым. Шалғында шұрқырайды мама бие шақырып шапқылаған құлыншағын.
1980


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сәулелі іңір өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Сәулелі іңір өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сәулелі іңір өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сәулелі іңір өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері