Іздемеске бола ма? – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Іздемеске бола ма?» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1276
(Қайым Мұхамедхановқа)

Сағынамыз жыл өткен сайын біздер,
Толқын жуып, қаншама шайылды іздер.
Бұл күндері Семейге келген адам,
Ең алдымен елеңдеп Қайымды іздер.
Іздемеске бол ма бұл ағаны,
«Бар Семейді жеке алған» ғұламаны.
Қайым десе кең дала дүбір салып,
Құлағыңа келеді бұлақ әні.
Бірде шарт­-шұрт, ал бірде жарқын күліп,
Шартарапқа қиялын талпындырып,
Тарих кенін қазады тыным алмай,
Ауыр жүкті мойнына артып жүріп.
Үңілгеннің өткенге көзі жетпек,
Надан болсаң кімдерге сөзің өтпек?
Академия бір өзі Семейдегі –
Өзі музей,
Өзі архив,
Өзі мектеп.
Құмар емес тойларға, жиындарға,
Салады атын үнемі қиындарға.
Отырып­ақ Семейде оймен шарлап,
Көз жіберер Абайша қиырларға.
Оңай дейсің азапты ғұмыр кімге,
Тұңғиыққа құлайсың – сүріндің бе?
Түрменің де біраз жыл тұрғыны боп,
Көріп қайтқан аязын Сібірдің де.
Дауылынан жаланың ықтамаған,
Білімімен талайды жыққан ағам.
Бар Семейді тапсырып, ие бол деп,
Аманаттап кеткендей Мұхтар оған.
Екі қылмай айтқанын пайғамбардың,
Отыр бәрін тындырып ойға алғанның.
Қылдан тайып көрген жоқ табаны бір,
Қара жолдың үстінде тайғанда әркім.
Саяқ жүрер құландай болған запы,
Кездері көп сан соғып, қалған қапы.
Көкірегінде қаттаулы жатқандай бір,
Келешекке жолдайтын арман-хаты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Іздемеске бола ма? өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Іздемеске бола ма? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Іздемеске бола ма? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Іздемеске бола ма? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері