Күресіп халқың үшін

Бұл бетте «Күресіп халқың үшін» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.10.2021
  • 0
  • 0
  • 726
(Фариза Оңғарсыноваға)

Күресіп халқың үшін қаршадайдан,
Өткердің арпалысып қанша майдан.
Боз қырау самайыңнан төгіліп тұр,
Бозарған сәттеріңдей шаршап ойдан.
Жан әпке, барлығы да көз алдыда,
Көрдік қой тажалды да, ажалды да.
Сағымдай бұлдыратып артқа тастап,
Замана бізден­-дағы озар мына.
Бұл қазақ ділін сатты, тілін сатты,
Ақыры бірі келіп бірін сатты.
Солардың сырын біліп, сырт айналып,
Өзіңе Мұқағали мұңын шақты.
Сәбидің ести қалсаң тілін тәтті,
Сағындың қыз күніңді тұлымшақты.
Өлеңнің өлкесінде ойнақ салған,
Сипадың кекілінен құлыншақты.
Мінезің найзағайдың мінезіндей,
Ойнатар көкте жасын кім өзіңдей!?
Қоғамның іші қайдан тазарады,
Бес батпан бетіндегі кір езілмей?!
Шыққанда желе­-жортып мұнша қырға,
Кісіге қиын екен мұң шағу да.
Туатын алдымызда ғажайып күн
Уақыттың бүлкілдейді құрсағында.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күресіп халқың үшін өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Күресіп халқың үшін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күресіп халқың үшін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күресіп халқың үшін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері