Азаттығым – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Азаттығым» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.10.2021
  • 0
  • 0
  • 2786
Атажұрттың қазығына байланған соң кіндігім,
Арқандаулы арық аттай шыр-айналған тірлігім.
Таң атқаннан күн батқанша өз басымен әуіре,
Арпалысқан бұл жалғанда ұғып жатыр кімді кім?
Қанатымды шаңға малып тіршіліктің қамы үшін,
Тауық та бір, мен де бірмін теріп жеген тарысын.
Бостандықтың бір тал шашы түсер болса егер де,
Қынабынан суырылар қылшылдаған намысым!
Жеткен жан жоқ қуғанменен сұм дүние шетіне,
Фәни менен бақи барда бөлінесің екіге.
Азаттығым, тиер болса суық ызғар бетіңе,
Жүрегімді қалқан етем соққан желдің өтіне!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Азаттығым өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Азаттығым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Азаттығым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Азаттығым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері