Бүктетіліп атыларсың
Бұл бетте «Бүктетіліп атыларсың» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Адасқанның көрген күні күн емес,
Қаңғырған жан қайда барып түнемес?
Қайыршының күркесінің шамындай,
Жер түбінен жылтырайды бір елес.
Қайыры жоқ қу тірліктің сәулесін
Қуа берсең, құр бекерге әуресің.
Басың еркін болсын десең, бауырым,
Биік ұста намысыңның кеудесін.
Бұға берсең зұлымнан да, зордан да,
Құтылмайсың азаптан да, сордан да.
Бүктетіліп атыларсың бір күні,
Кеудеңе кек, көзіңе қан толғанда.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі