Бес белес – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Бес белес» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2622
Ашып тұрмын алтыншы ондық есігін,
(Еміс-еміс естілді елге есімім).
Деген сөз бар «ердің жасы екі елу»,
Ортасына келдім өмір көшінің.
Дей алмаймын - жолым бірден ашылды,
Тауға соқтым, тасқа соқтым басымды.
Сыйлағандар еңбегімді сыйласын,
Бұлдамаймын жеткен осы жасымды.
Бәзбіреудей айла-шарғы іс қылып,
Танытпадым «күштілік» пен «тістілік».
Мice тұтып азаматтық ақ жолын,
Мансабыңа қарамадым пысқырып.
Жасырмаймын - ыссы менің мінезім,
Отауызбен талайларды «түзедім».
Зиян-пайдам бірдей тиген болар-ау,
Бұл арада несін оның тіземін.
Ұтылмайтын жерлерде көп ұтылдым,
Тұтылмайтын жерлерде көп «тұтылдым».
Тағдыр қанша талқысына салса да,
Қашқан кезі болған емес құтымның.
Сайран салып жүруімнің бар мәні,
Бөрімін мен! Және соның арланы!
Жамбыл жастың өткізіппін жартысын,
Қалай болар екен енді аржағы?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бес белес өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Бес белес өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бес белес өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бес белес өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері