Сағыныш
Бұл бетте «Сағыныш» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жеткізбей алыс қалған тау етегі,
Бұл күнде сағыныштың зары өтеді.
Секілді жаздың бұлты жайлаудағы,
Ойласам көздің жасы сау етеді.
Жабырқап жаным неге егілмесін,
Ауылым, түсімдесің, өңімдесің.
Қайтейін, тоқтататын дәрменім жоқ,
Бұлдырап белден асқан өмір көшін.
Қарашы жүрегімнің ауырғанын,
Қаға алмай қанатымды ауырладым.
Дүр етіп ұшып кеткен бір топ құстай,
Қай жаққа ғайып болдың, бауырларым?..
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі