Бұл бетте «Нөсерден соң» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шіркінай, неткен ғажап мына жалған,
Жаудырап көз алдымда тұна қалған.
Әп-сәтте күлімсіреп шыға келді,
Көк аспан жаңа ғана жылап алған.
Алысты жақындатып жайнаған күн,
Жарқырап кетті бәрі айналамның.
Ашылып көңілімнің күйсандығы,
Келіп тұр бұлбұл құстай сайрап алғым.
Арылып көкжиек те мұнарынан,
Апайқын көрінеді тым арыдан.
Тұныққа шөліркеген қос жанарым,
Сусындап шыға алмай тұр құмарынан.
Тау тұнық, орман тұнық, көл де тұнық,
Жібектей желпіп өткен жел де тұнық.
Ішінде мөлдіреген дүниенің,
Дариға, тұра берсем тербетіліп...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі