Өлең, жыр, ақындар

Атыңнан айнлайын, Ата газет!

  • 03.10.2021
  • 0
  • 0
  • 652
(«Егемен Қазақстан» газетіне)

Өзіңсің туған елдің көз-құлағы,
Әр үйден іздеген жан кез қылады.
Атыңнан айнлайын, Ата газет,
Тоқсан жыл тынбай аққан сөз бұлағы.
Жетелеп жақсылықтың өрге көшін,
Заманның астың қиын бел-белесін.
Арқалап бір ғасырдың шежіресін,
Жұртыңмен қатар жасап сен келесің.
Туымыз тігілгенше желбіреп бір,
Уақыттың ызғарына көндік өткір.
Тағдыры қазағымның бастан кешкен,
Сарғайған беттеріңде мөлдіреп тұр.
Жарысып сәулесімен жарық таңның,
Жеткіздің жаңалықты халыққа әр күн.
Көзіндей көрінесің мына бізге,
Сәкен мен Бейімбеттей алыптардың.
Төсіндей сайын дала Сарыарқаның,
Кеңдікті, бостандықты көп аңсадың.
Арыстар өтті қанша арпалысып,
Қару ғып қолындағы қаламсабын.
Өмірдің жарқыратар бар шындығын,
Тәуелсіз ел газеті сенсің бүгін.
Самғаған азаттықтың аспанында,
Еркін ой, еркін сөзім, еркін жырым!
Күтесің қуаныштың бәрін алдан,
Бақытты басылымсың жолы болған.
Қаласып Астананың іргетасын,
Батырсың қақ төрінен орын алған!
Толғанған тоқсандағы бұл жасыңда,
Қалың ел шын досың да, сырласың да.
Ұлтыңның жанашыры, жаршысы боп,
Жасай бер бір ғасырдан бір ғасырға!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бозторғай-жүрек

  • 0
  • 0

Тербеді мені қанша арман,
Әлдилеп әлі келеді.
Бозторғай-жүрек ән салған,
Жанымды қозғай береді.

Толық

Талшыбық

  • 0
  • 0

Талпынып бір талшыбық
Сарыарқаның тауында,
Тоңды талай малшынып
Қара нөсер жауынға.

Толық

Қағып ап қарағайдай мүйізімді...

  • 0
  • 0

Айналды бір суық жел жан қоймасқа,
Шама жоқ жапырақтай сарғаймасқа.
Келсаптың тұмсығындай көп соғылған,
Бұл күнде төбе тықыр, маңдай қасқа.

Толық

Қарап көріңіз