Сүйемін қызыл гүлді – Жұмағали Саин

Бұл бетте «Сүйемін қызыл гүлді» атты Жұмағали Саин жазған махаббат туралы өлең берілген.

  • 20.07.2018
  • 0
  • 1
  • 8078
Сүйемін мен қызыл гүлді
Жанымменен тең көремін.
Күлімдеген гүлім сынды
Жер көремін — ел көремін.
Маған бақыт көрінеді
Гүлдің әрбір шоқтарынан.
Маған інжу төгіледі
Гүлдің қою топтарынан.
Қызыл гүлім, жайқала бер,
Шоқтарыңды алтындатып.
Тақсын сені бақытты ер,
Кеудесіне жарқылдатып.


Пікірлер (1)

Гүл

Гүл

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері