Ортақ мұң – Сара Тастанбекқызы

Бұл бетте «Ортақ мұң» атты Сара Тастанбекқызы жазған мұң туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 05.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1900
Ортақ мұң əркімнің-ақ ойын тербеп,
Азаттық жыры айтылса-ақ арман кернеп.
Намысы əр əйелдің түрткілейді,
«Сараны сайратуға жəрдем бер» деп.
Біреуі ақық моншақ, бірі тана,
Алып кеп: «Омырауыңа, – дейді, – қада».
Шеріктеп, кездеп шығып шəйі көйлек,
Табылды қамзол тігер Қатипа да.
«Құралмақ көп түкірсе – көл» дегендей,
«Жармысын бүтініңнің бөл» дегендей.
Біреуге біреу осылай пейіл тауып,
Азаттық жыр тыңдауға шөлдегендей.
Аз күнде-ақ «қыз» атандым бойым сылап,
Оқалы қамзол киіп, белді қынап,
Шоқпардай үкі таққан кəмшат бөрік,
Ақша жүз ажарыма тұрды ұнап.
Көтерген көп көмегі бір баланы,
Көрікті киімдерге жырғалады.
«Базарлық», «орамалым» деген атпен,
Сақина, болды күміс сырға-дағы.
Кешегі күл-көмеште өскен басым,
Толықсып, толған айдай ырғалады.
Ары өтіп, бері өткені «сыйлық» тастап,
Көбейді қызға «ұнамақ» мырза-дағы.
Көркейіп, сырт пішінім өзгергенмен
Кетпейді жүректегі ызғар əлі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ортақ мұң өлеңінің авторы кім?

Сара Тастанбекқызы — осы өлеңнің авторы.

Ортақ мұң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ортақ мұң өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мұң туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ортақ мұң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері