Кім білсін?! – Манарбек Қарекенов

Бұл бетте «Кім білсін?!» атты Манарбек Қарекенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жанарыңнан арай атып, күн күлсін,
Тағдыр Сізді еркелетсін, күлдірсін.
Білгеніңде мендік сырлы сезімді,
Жүрегім боп кетер ме едің, кім білсін?!

Көңілімді түндегі ай білдірсін,
Жұлдыз шолпы бұрымыңа ілдірсін.
Білгеніңде жаздай менің жанымды,
Құс боп ұшып жетер ме едің, кім білсін?!

Бұл әлемде мәңгілікке кім жүрсін,
Ғайып болсам сен де мені іздерсің.
Аққайыңға сонда айтып мұңыңды,
Жапырақ боп құлар ма едің, кім білсін?!

Жалынды асқақ қай құдірет сөндірсін,
Мейлің аспан қара бұлтты төндірсін.
Білгеніңде сенсіз сөнетінімді,
Жалын болып кетер ме едің, кім білсін?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері