Әрқашанда өміріңді гүл деп біл!
Бұл бетте «Әрқашанда өміріңді гүл деп біл!» атты Манарбек Қарекенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әрқашанда өміріңді гүл деп біл,
Көңіліңді баса алмайды мұң деп біл.
Қандай қиын сәттер келсің басыңа,
Жан, жүрегім өзіңменен бір деп біл.
Қуынышқа сарықалмайтын шөлдеп күл,
Сен дегенде мендік сезім көл деп біл.
Күзгі дауыл соқсын, мейлің, долдансын,
Жан, жүрегім өзіңменен бір деп біл.
Жылуымды саған төккен күн деп біл,
Маған сыйы тағдырымның сен деп біл.
Қысқы аяз, бораны кеп қамасын,
Жан, жүрегім өзіңменен бір деп біл.
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі