Теледидар саңқылдап – Тұрсын Елеусізұлы

Бұл бетте «Теледидар саңқылдап» атты Тұрсын Елеусізұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1858
Теледидар саңқылдап,
Үйрекке тіл бітірді.
Қара қарға қарқылдап,
Сөйлеп кетті біртүрлі.
Абыржымай, қаймықпай,
Торғай сайрап тіл қатты.
Ал бөдене жалықпай
Шешті қиын жұмбақты.
Кенет көлге қаз қонып,
Басты қоңыр әніне.
Ақтан отыр мәз болып,
«Сөйледі, – деп, – бәрі де!»


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Теледидар саңқылдап өлеңінің авторы кім?

Тұрсын Елеусізұлы — осы өлеңнің авторы.

Теледидар саңқылдап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Теледидар саңқылдап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсын Елеусізұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Теледидар саңқылдап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар