Өлең, жыр, ақындар

Ақ сауыт – ақ көйлегің

  • 07.10.2021
  • 0
  • 0
  • 932
(Әкім Таразиге)

Жылдардың артқа тастап сан белесін,
Жақсы аға, алға тартып сен келесің.
Киелі қара сөздің қуатымен,
Халқыңа қысылғанда дем бересің.
Байқасам, қол жетпейтін шыңда тұрсың,
Жақсыға ұлтын сүйген шын жақынсың.
Ақ сауыт – ақ көйлегің, қалам – найза,
Қорғаған ел намысын бір батырсың.
Бой емес, ойыменен асқан аға,
Сайындар саған бекер дос бол ма?!
Қасында Бәйтеректің тебіреніп,
Отырсың тілекші боп Астанаға!
Жаныңды салып талай от­-жалынға,
Есейген азаматсың ат жалында.
Түйіліп тұрымтайдай жыр оқиын,
Тойланып жетпіс бесің жатқанында!
Жетелер сүріндірмей сөзімді алға,
Бұл інің сасқан емес өзің барда.
Қоясың сауырыма қамшы басып,
Бауырым жүйрік аттай жазылғанда.
Асықпай маң­-маң басқан маңғаз аға,
Ұқсайды тектілігің ханзадаға.
Жүрмейсің жамандармен істе қатар,
Түрмейсің құлағыңды даңғазаға.
Қаламы ойдан ұшқын жарқылдатқан,
Өзіңді етер туған халқың мақтан.
Таязға сыр алдырмас тұңғиықсың,
Түбінде ат басындай алтын жатқан.
Жалт етіп көрер еді мұны бірден,
Жан болса жүрегіңе шын үңілген.
Көп жаман қайдан білсін аз жақсыны,
Сыртынан бірі сатып, бірі күлген!?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көкек қары

  • 0
  • 0

Қар ма бұл көктемдегі қылаулаған?
Барады қозғау салып мынау маған.
Бұл өмір ұқсап кетті қарлы шыңға,
Басында будақ бұлттар мың аунаған.

Толық

Үржарым менің, Үржарым!

  • 0
  • 0

Қадірін, қасиетін білген жанға,
Үржарға жер жетер ме бұл жалғанда?!
Жайнайды, жарқырайды Тарбағатай,
Көктемде гүл-бәйшешек бүр жарғанда.

Толық

Құм жыры

  • 0
  • 0

Жүргендей бірге туыспен,
Сырыңды іштей біліскен,
Не жетсін сыйлас күндерге,
Көңілден көңіл су ішкен.

Толық

Қарап көріңіз