Бұл тірлікте – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Бұл тірлікте» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2493
Бұл тірлікте басу үшін алға нық,
Жүру керек оң-солыңды қарманып.
Сын көзімен қарамасаң ортақа,
Сан соғарсың, талай-талай алданып.
Адастырып ізін басар тұяқты,
Біреулер жүр жиып қойып ұятты.
Іріліктен үміті бар жігіттер,
Ұсақталып бара жатқан сияқты.
Жөні түзу бір іс істеп көрмеген,
Осы күні өлермендер өрлеген.
Өзін-өзі көрсетуге келгенде,
Мұндай жандар жұрттық алдын бермеген.
Тек шындықтан тұрмағанмен жер үсті,
Оң деп қалай айта аламыз терісті.
Отырмасақ қара қылды қақ жарып,
Өміріміз болмақ емес өрісті.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұл тірлікте өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Бұл тірлікте өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұл тірлікте өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұл тірлікте өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері