Ақ тілек
Бұл бетте «Ақ тілек» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен тағы алға жылжыдым,
Кел тағы, Жаңа бір жылым!
Тәуелсіз елмін Ту алған,
Қолымда тізгін-шылбырым!
Ойнатып көктем жасынын,
Жарқылда, Жаңа ғасырым!
Жарқырап шықсын алдымнан,
Келешек көзден жасырын!
Күндерді күнге жалғайтын,
Уақыттың шегі шалғай тым.
Қасірет қайтып оралмай,
Қазағым қанат кең жайсын!
Тауларым нұрға бөленсін,
Бауларым қаулап, көгерсін!
Елімнің ашық аспанын
Айналып ұшсын көгершін!
Бақытқа толып баспанам,
Жайнасын жаңа Астанам!
Ақ бата берсін ата боп,
Желкілдеп өскен жас балам!
Бесігін ана тербесін,
Еңбекпен әке терлесін!
Құт қонып байтақ далама,
Әр үйге Қызыр төрлесін!
Толғанып ойға батамын,
Тебіреніп толқын атамын.
Дүние тыныш, ел тыныш,
Дінаман болсын Отаным!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі