Дәрігер – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Дәрігер» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 1
  • 11173
Кей жырым шырқата алмай дәуір әнін,
Күн сайын қара терге малынамын.
Лауладай өлең оты бықсып жанса,
Мен соның «түтінінен» ауырамын.
Әйтсе де өткен жоқ қой жазым әлі,
Алдымда - ұзақ өмір қазыналы.
Сан ойдың салмағымен шаршаған бас,
Сәтті бір өлең жазсам, жазылады.
Бетіме әжімменен салып өрнек,
(Білгенге, біздің істе әбігер көп).
Осы өлең мені дәйім ауыртты да,
Соңынан жазып алды, дәрігер боп.


Пікірлер (1)

Мақпал

Өте күшті

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері