Жәркенге
Бұл бетте «Жәркенге» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жазбасаң бұл өлеңді аш қалардай,
Уа, Жәке, жүгірмейсің басқалардай.
Сарқыты жыраулардың жалғыз өзің,
Әр сөзің алынбайтын тас қамалдай.
Жасаурап екі көзің тостағандай,
Жаныңды қырау шала бастағандай.
Көрінер топқа түссең күндік жерден,
Сендегі жырға біткен қасқа маңдай.
Ақынның бағы да өлең, соры да өлең,
Тағдырдың өзі жазған қолыменен.
Тарта бер, адамзатты адастырмас,
Абайдың салып кеткен жолыменен!..
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі