Қайрау
Бұл бетте «Қайрау» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тақымыңда ат барда,
Жүрегіңде от барда,
Қаның қалай қызбайды,
Қазақ болсаң көкпарға!
Қайырмасы:
Барыңды сал додаға,
Бастан құлақ садаға!
Көкбөрідей жігітке,
Көкпар тартпай бола ма!?
Бабалардай нар тұлға,
Топты жарып жарқылда!
Жерден алып серкені,
Тақымға бас, тартынба!
Қайырмасы.
Бас қамшыны, арысым,
Арындасын шабысың!
Ат жығылса, жығылсын,
Жығылмасын намысың!
Қайырмасы.
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі