Көк байрақ – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Көк байрақ» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.10.2021
  • 0
  • 1
  • 3618
Көк байрақ, желбіре, желбіре,
Көк аспан, мөлдіре, мөлдіре!
Қазағым кең жайып қанатын,
Құлпырды ел міне, жер міне!

Қайырмасы:
Еркіндігім,
Сенсің жырым,
Бұлбұл құстай сайратқан!
Желбірей бер,
Көк байрағым,
Аспанымды жайнатқан!

Көк байрақ, желбіре аспанда,
Алтын таң ақ нұрын шашқанда.
Байтақ ел, байтақ жер сенікі,
Жас қазақ, жасқанба, жасқанба!

Қайырмасы.

Жалында, жарқылда, ұланым,
Шарықта, биікте, қыраным!
Желбіре, Көк байрақ, желбіре,
Шырқатып Елімнің ұранын!

Қайырмасы.


Пікірлер (1)

Нұрсұлтан

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көк байрақ өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Көк байрақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көк байрақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көк байрақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері